ҚОҚЫСҚА ТАСТАЛҒАН КІШКЕНТАЙ ТІРШІЛІКТІҢ МОНОЛОГЫ.... Мынау əлем неге сонша тас түнек, Қүшімде жоқ тырыссамда ашқым кеп. Оттай ыстық құрсағыңнан қуанып, Талпынып ем, уызыңнан татқым кеп.. Суық қарып өн бойымды барады, Жылытшы, апа, жөргегіммен шамалы. Бар əлемге нұрын төккен жанарың, Маған неге, мұнша суып қарады... Мынау қай жер, тыңдашы апа, жаурадым, Алып кетші, қалмаңызшы дауға мың. "Бесік жырын" айтып бер деп қинаман, Түспейді апа, саған сонша салмағым.. Тастама апа, күл- қоқысқа лақтырып, Жасамашы жалынамын, жат қылық. Қаңғыған ит жұлмаласа қайтесің, Кіп- кішкентай құлыныңды ас қылып... Тыңдашы апа, құрсағыңда жатқанда, Екі жүрек бірге дүрсіл қаққанда. Мынау жарық дүниеге шығам деп, Бүйіріңде бүлкілдеуші ем, ақ таңда. Асыққанмын ақ мамамды көрем деп, Асыққанмын ақ жүзіңнен өбем деп. Тірі қалсам саған қиын болама, Өзің тудың, өзің өлтір көнем тек.. Жаңсақ басып адастың ба анашым, (Бұл əлемде төменбе еді сана шын). Əкешіме неғып айтып көрмедің, Тастауға ары, бармас па еді баласын..?! Тастауға ары бармас па еді шынымен, Қуанышқа бөлер ем ғой тіліммен. Апа-ау..айтшы не жазығым бар еді, Тастайтындай қоқысқа əкеп шіріген.. Мына қорап суық екен сенен де, Қалмады апа, кішкентай күш денемде.. Соңғы рет.. соңғы рет бір қарашы, Иісіңді сезем де.. Мені осылай тастасаң да далаға, Ұмытамын...ұмыт болсын бар нала. Арғы əлемде күтіп алам өзіңді, Анам келді деп қуанам баршаға.. Түсірмеймін тозақтыңда өртіне, Рахым бер деп менің ғазиз анама Шырылдап кеп сені қорғап қалуға Жығыламын, жалынамын АЛЛАға.. Хош апатай..соңғы демім шығардай, Суық бəрі, титттей тəнім шыдамай.. Суық бəрі..суық əлем..тым суық.. Сол əлемде жүрші апа, жыламай.. Барады апа, соңғы демім шығардай.. Апа......

Теги других блогов: Монолог Кішкентай Тіршілік