ОҚЫҢЫЗ!!! ӨТЕ ӘСЕРЛІ ОҚИҒА!!!
Бір жас жігіт Жоғары Оқу Орнын бітіріп, диплом алуға дайындалып жүрді.
Ол көптен бері бір спорттық машинаға қызығып жүрген еді. Ол сатылып жатқан көрмеге барып, тіпті әкесіне сыйлыққа сол көлікті қалайтынын да алдын ала айтып қойған еді. Диплом алатын күн жақындаған сайын, жігіт әкесі көлікті сатып алып, өзіне шақыруын күтіп жүрді.
Әйтеуір сол күн жетті-ау! Бір күні таңда әкесі ұлын өз бөлмесіне шақырды. Ұлы үшін қалай мақтанатынын, оны қалай жақсы көретінін айтты. Сыйлыққа кезек келгенде, әке ұлына бір қорапты ұсынды. Ұлы мұны күтпеген еді. Ол ықылассыз ғана қорапты қолына алып, ашты. Ішінде сырты былғарымен қапталған Құран кітап жатыр екен. Ашуланып кеткен ұлы:
- Осындай байлығыңмен, сен маған жәй бір Құран кітап сыйлайсың ба?! - деп әкесіне дауыс көтерді. Кітапты сол жайына тастап, есікті тарс жауып кетіп қалды.
Бірнеше жыл өтті. Жігіт бұл кезде мансабы биік, абыройлы адам болған еді. Ол үлкен үй сатып алды, шаңырақ көтеріп, балалы-шағалы болды.
Бір күні ол қарт әкесін есіне алып, барып көріп қайтуды ұйғарды. Сол бір күннен бері ол әкесін көрмеген болатын.
Бірақ жолға жиналып жүргенде, оған жедел хабарлама келіп жетті. Ол жерде жазылуы бойынша, әкесі қайтыс болып, бүкіл мұрасын ұлына қалдырып кетіпті. Ол асығыс түрде жолға шықты.
Туған үйіне кіргенінде, бойын мұң мен өкініш кернеді. Ол құжаттар мен қағаздарды ақтарып жатқанда, үстел үстінде, дәл өзі қалдырып кеткен жерінде тұрған Құран кітапты көрді. Ол көз жасына ерік беріп, ұзақ жылады. Құранды қолына алып, оқып жатқанда, кітап тысына қапталған былғарыға бекітілген конверттен көлік кілті жерге түсті. Кілттегі кішкене қағазда "Бәрі төленген" деп жазылып тұрған еді...
Өзің қалаған жолмен мақсатыңа жеткізбегені үшін Аллаға қанша рет нала айттың?!
Көлік, үй, байлық - бәрі-бәрі болады. Бірақ ата-ананы қайтара алмайсың.