Байлық. Жетістік. Махаббат.
Бір әйел үйінен шығып бара жатып, кіре берістен ұзын ақ сақалды үш қарияны көреді. Әйел оларды танымай, былай деді: – Мен сіздерді танымаймын, бірақ сіздердің қарындарыңыз аш болар. Өтінемін, үйге кіріп бізбен бірге түскі ас ішіңіздер. – Біз үйге бірге кірмейміз, деді олар. – Неге екенін білуге бола ма? Ақсақалдардың бірі әрқайсысына нұсқай отырып түсіндірді: – Мынаның аты – Байлық, ал екіншісінің аты – Жетістік, менің атым – Махаббат. Үйіңе қайтып бар да, қайсымызды шақыратындарыңды жолдасыңмен ақылдасып, шешіңдер. Әйел адам үйіне барып, болған жайды күйеуіне айтады. Күйеуі қуанып, былай дейді: – Қандай жақсы! Байлықты шақырайық! Біздің үйімізге кіріп, молшылыққа толтырсын! Әйелі күйеуімен келісетініне сенімсіз болып: – Қымбаттым менің! Бізге неге жетістікті шақырмасқа? – Махаббат дұрыс сияқты? –деді барлығын естіп, жүгіріп кірген қызы. Ойлаңдаршы, үйіміз махаббатқа толса қандай керемет болар еді? – Қызымыздың айтқанын жасайық, – деді күйеуі әйеліне. – Шық та, махаббатты біздің қонағымыз болуға шақыр. Әйел шығып үш ақсақалдан сұрады: – Сіздердің қайсыларыңыз махаббатсыз? Өтінем, жүріңіз, біздің қонағымыз болыңыз. Ақсақалдардың біреуі тұрып, үйге беттеді. Қалған екеуі тұрып, оның соңынан ерді. Таңданған әйел Жетістік пен Байлықтан қарап: – Мен тек Махаббаты шақырдым, сіздер неге еріп келе жатырсыздар? Олар былай деді: – Егер тек Байлықты немесе тек қана Жетістікті шақырсаңыз, басқалары сыртта қалар еді. Ал сіз Махаббаты шақырдыңыз, ол қайда барса да, біз соның соңынан ереміз.